Designation: API SPEC Q1 8TH ED (R 2010)
Мұнай және табиғи газ саласындағы өндіруші ұйымдарға қойылатын сапаны басқару жүйесінің талаптарының техникалық сипаттамасы API Q1 техникалық сипаттамасы, сегізінші шығарылым
Historical Monogram Standard
Осы техникалық сипаттамада мұнай және табиғи газ саласында пайдалану үшін өнімнің техникалық сипаттамасы бойынша өнімдерді өндіретін немесе өндіруге қатысты процестерді қамтамасыз ететін ұйымдардың сапа басқару жүйелеріне қойылатын ең төменгі талаптар белгіленген.
Осы техникалық сипаттамада ұйым тұтынушылардың және заң талаптарына сай сенімді өнімдерді және өндіруге қатысты процестерді тұрақты түрде қамтамасыз ету қабілетін көрсетуіне қойылатын талаптар көрсетілген.
Ұйым осы техникалық сипаттамада қарастырылған жұмыстарды орындаса, бұл жұмыстарға қиыс жағдайды талап етуге рұқсат етілмейді. Ұйымның сипатына байланысты осы техникалық сипаттаманың кез келген талабын қолдану мүмкін болмаса, бұл талапты қиыс жағдай деп есептеуге болады. Қиыс жағдайлар жасалған кезде қиыс жағдайларды талап ету негізін көрсету керек. Бұған қоса, мұндай қиыс жағдайлар ұйымның тұтынушылардың талаптарына және тиісті нормативтік талаптарға сай өнімдерді және тиісті қызметті қамтамасыз қабілетіне немесе жауапкершілігіне әсер етуі мүмкін. Қиыс жағдайлар келесі бөлімдермен шектеледі:
— 5.4, Жобалау және әзірлеу;
— 5.7.1.2, Қызмет көрсету;
— 5.7.1.5, Өндіру және қызмет көрсету процестерін тексеру;
— 5.7.5, Тұтынушы қамтамасыз еткен мүлік;
— 5.8, Сынау, өлшеу және бақылау жабдығын басқару.
Осы техникалық сипаттамада көрсетілген сапа басқару жүйесіне қойылатын талаптар қызметтерді қамтамасыз ету және қызметке қатысты өнімді пайдалану үшін пайдаланылатын бөлім талаптарына және құжат пішіміне сай (API Q2).“ЕСКЕРТПЕ” ретінде белгіленген ақпарат талаптар болып табылмайды, ал оған қатысты талапты түсіндіретін немесе айқындайтын нұсқаулық ретінде берілген.
Translations
Details
Language: Kazakh/Қазақ тілі
Committee: CSOEM
Designation: API SPEC Q1 8TH ED (R 2010)
Product Code: GQ1008K_001